Пайғамбарымызға (алейһиссалам) бір кісі келіп: «Йа, Расулаллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)! Менің ата-анам қайтыс болған. Мен олар үшін не істеуім керек?» деп сұрады. Сонда пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай жауап берді: «Оларға әрдайым дұға етіп жүр! Оларға Құран кәрім оқы және истиғфар ет!» Асхаби кирамнан бір кісі “радиаллаһу та’ала анһ”: «Йа, Расулаллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм), одан да көбірек жасалатын амал бар ма?» деп сұрады. Сонда: «Олар үшін садақа беріңдер және қажылық жасаңдар!» деп бұйырды. Арадан біреу шығып: «Ата-анам өте қатыгез, оларға қалайша бағынайын?» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай жауап берді: «Анаң сені тоғыз ай бойы қарнында көтерді. Екі жыл емізді. Сені өсіп жетілгеніңе дейін қойнында өсірді және қорғады, құшағында ұстады. Әкең де, сені өсіргенге дейін көптеген қиыншылықтарға төзіп, сені азықтандырды. Қажеттіліктеріңнің бәрін қамтамасыз етті. Саған дініңді, иманыңды үйретті. Сені Ислами тәрбиемен өсірді. Ал енді олар қалайша қатыгез болып қалды? Бұдан үлкен және бұдан асқан мейірімділік болуы мүмкін бе?»

Теги других блогов: Ислам Құран Пайғамбарымыз