Нағыз достық
Бірде қараңғы түнді жамылып Аллаһтың Елшісі досы Әбу Бәкірімен бірге Меккеден Мәдинаға жауларынан қашып келе жатып, таң сызат бере бір үңгірге жетіп аялдайды. Әрі қарай сапарын жалғастыруға іздеріндегі қуғыншылардан қауіптеніп, сол үңгірде кешті күтуге бел бұғады. Әбу Бәкір былай деді:
— О, Аллаһ Елшісі, сен осында күте тұр, ал мен ішінде улы жәндіктер, жыландар жоқ па екен, байқап шығайын, — деп үңгірге кіріп кетті. Ол үңгірдін ішін мұқият тазалап, көйлегін жыртып алып, барлық тесіктерді бітеп тастады.
Олар ішке еніп, жол соққан Пайғамбар ұйқыға кеткенде, Әбу Бәкір ашық калған бір тесікті байқады. Иығына басын сүйеп ұйықтап жатқан досын оятқысы келмеген ол әлгі тесікті табанымен басып жата берді.
Осы сәтте әлгі тесікте тығылып жатқан жылан Әбу Бәкірдің аяғын жанын көзіне көрсете шағып алды. Ол аяғының қатты ауырғанына қарамастан, шыдап отыра берді, көзінен еріксіз ытқып кеткен жас Пайғамбардың бетіне тамшылай бастады. Аллаһ Елшісі көзін аша салып, досынын қатты қиналып жатқанын көрді. Ол тез арада қажетті емін жасап, жарасын жеңілдетті. Пайғамбар сахабаларының бәрі де оны аса қатты жақсы көретін әрі ол үшін жанын қиюға әзір болатын. Әбу Бәкірдін, әлгі әрекеті — сол сүйіспеншіліктің бір көрінісі ғана еді.