Менің күйеуім жақсы екен...
Бір күні данышпанға бір әйел келіп: «Мен күйеуіммен ажырасқым келеді» - дейді.
- Себебі неде? - деп сұрайды данышпан.
- Барлығының күйеулері жұмысынан уақытында қайтады. Ал менің күйеуім үнемі кеш келеді. Сол үшін үйде күнде ұрыс-керіс.
- Сол ғана ма? Ажырассаң ажырас. Бірақ алдымен маған өз қолыңмен нан пісіріп әкел. Бірақ ұнды да, тұзды да, суды да көршілеріңнен ал, міндетті түрде. Оларға не үшін сұрап жатқаныңды түсіндіріп бер.
Әйел үйіне келіп дереу нан пісіруге кіріседі. Су сұрамақ боп көршісінікіне барады. Мән-жайға қанық болған көрші әйел:
- Эх, сен менің күйеуімнің қандай екенін білсең ғой, - деп күйеуін жамандай жөнеледі.
Ұн сұрамақ боп келесі көршіге барады. Барлығын есіткен соң ол да күйеуіне шағым жасай жөнеледі.
Осылайша көрші әйелдердің қайсысы болмасын барлығынан күйеуіне деген реніштері мен шағымдарын естіп үйіне қайтады.
Содан соң данышпанға келіп:
- Айтқан наныңызды пісіріп әкелдім. Бірақ күйеуіммен ажырасам деген ойымнан айнып қалдым, - дейді.
Данышпан күлімсіреп ештеңе түсінбегендей кейіп танытып:
- Неге? - деп сұрайды.
Әйел:
- Менің күйеуім бәрінен жақсы екен, - дейді.